$ 498.34  519.72  4.85

Шымкентте атыс қаруы мен оқ-дәрілер жасырылған екі қойма табылды

Екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, "Сайга" тегіс ұңғылы мылтық, "Бенелли" аңшылық мылтығы, "Штурм" полиция қалқаны және бронжилет, сондай-ақ 115 оқ-дәрі және Ф-1 оқу гранатасы бар.

Шымкенттік полицейлер атыс қарулары мен оқ-дәрілер жасырылған екі орынды анықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ мен Шымкент қаласы ПД және ҰҚКД қызметкерлері "Қару" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында мегаполис орталығындағы үйлердің бірінің қоршауы маңынан және орман алқабынан қару-жарақ жасырылған орындарды анықтады. 

Нәтижесінде полиция қызметкерлері екі шолақ мылтық, ТТ-ға ұқсас тапанша, карабин, Калашников автоматы, "Сайга" тегіс ұңғылы мылтық, "Бенелли" аңшылық мылтығы, "Штурм" полиция қалқаны және бронжилет, сондай-ақ 115 оқ-дәрі және Ф-1 оқу гранатасын тәркілеген.

ҚР ҚК-нің 287-бабы 1 және 3-бөліктері "Қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, өткізу, сақтау және алып жүру" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта жедел уәкілдер қаруды жасырған азаматтарды анықтап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары