Жаңалықтар 30.08.2022 сағат 11:41

Ресейде әскери бөлімді өртеу және терроризм бабы бойынша екі Қазақстан азаматы істі болып жатыр

Тергеу мәліметтері бойынша Аңсаған Молдахметов және Диас Мұратұлы екеуі Омбыдағы военкоматты өртеп жіберген.
Ресейде әскери бөлімді өртеу және терроризм бабы бойынша екі Қазақстан азаматы істі болып жатыр
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Ресейдегі екі қазақстандық азаматқа Омбыдағы военкоматты өртеу және лаңкестік әрекет жасау туралы айып тағылып отыр. Егер кінәлары дәлелденсе, олар 12 жылдан 20 жылға дейін сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“800 мың рубль. Тергеу мәліметтері бойынша, оларға Омбыдағы военкоматты өртегені үшін осындай соманы төлеуге уәде еткен. Тергеу мәліметінше, Пушкин көшесіндегі военкоматты Қазақстанның екі азаматы: Аңсаған Молдахметов пен Сейіл Диас Мұратұлы өртеп жіберген. Мамыр айының басында олар Telegramда белгісіз бір "Добрынья Никитичпен" сөйлескен. Жаңа таныстары оларға Омбы әскери комиссариатын өртеп жібергендері үшін 800 мың рубль төлеуге уәде еткен”, - делінген ақпаратта.

БАҚ мәліметінше, 12 мамырда Молдахметов пен Сейіл Омбыға көлікпен келген.

“Олар бес бөтелке, машина майы, бензин, скотч сатып алып, барлығынан бес молотов коктейльін жасаған. Келесі күні түнде Молдахметов пен Сейіл военкоматтың ғимаратына жақындап, ішіне бес "Молотов коктейлін" лақтырған. Ғимараттың өртке оранғанын көрген олар ол жерден қашып кетеді. Алайда өрт тез сөндіріліп, ғимарат аман қалған. Молдахметов 24 тамыз күні қолға түсті. Әуелі оның үстінен мүлікті қасақана жою бабы бойынша қылмыстық іс қозғалса, кейін тағылған айып өзгертілді. Енді оның үстінен террорлық акт, оның үстіне алдын ала келісім бойынша бір топ адам болып жасаған қылмыс айыбы тағылып отыр. Ер адам 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Оның сыбайласы әзірге бостандықта жүр”, - делінген мәлімдемеде.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар