Жаңалықтар 31.08.2022 сағат 15:20

Шахтинк қаласындағы жылу электр орталығы маңында өрт шықты

Қарағанды облысында қамыс өскен алқап отқа оранды.
Шахтинк қаласындағы жылу электр орталығы маңында өрт шықты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қарағанды облысында ТЭЦ аумағынан өрт шығып, Шахтинск қаласында төтенше оқиға тіркелді, - деп хабарлайды Экспресс К.

Оқыс жағдай туралы бейнежазбаны Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына жолдады.

"Шахтинк қаласындағы жылу электр орталығы маңында өрт шықты. Қаланы қаратүтін басты. Тұрғындар алаңдаулы", — делінген бейнежазбада.

Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар басқармасы аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Шахтинскіде төрт гектар қамыс пен шөп өртеніп кетті. Өрт сағат 11:00 шамасында Индустральная көшесі, 38-мекенжайда шыққан. Өртті ауыздықтауға 42 адам және 11 дана техника жұмылдырылды", — деп хабарлады Қарағанды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар