$ 447.4  477.55  4.76

«Әлемнің кез келген елін паспортсыз аралай алған»: Елизавета ІІ патшайым туралы 10 шындық

Патшайым пандемияға дейін сарайында жылына 50 мыңға жуық қонақ қабылдайтын болған деседі.
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Отандық саясаттанушы Ерік Илиясов Facebook желісіндегі парақшасында 96 жасында қайтыс болған Елизавета ІІ патшайым туралы көп біле бермейтін мәліметтерді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Саясаттанушы марқұм патшайымға қатысты деректерді бөлісіп, Букингем сарайына барғанын еске алды.

“Королева туралы мен де кезінде біраз оқыдым. Әсіресе 2008 жылы Лондонда оқып жүргенде. Бірде (тамыз айы) сыныптағылармен бірге иттерін көруге Букингем сарайына бардық. Қазір білмедім, бірақ сол уақытта жыл сайын тамыз айында музей ретінде сарайға кіргізетін (иттерін көрсететін). Ал өзін араға 10 жыл салып, 2018 жылы мәшинесінің сыртынан көріп, (сториста бар) мәз болғаным бар”,- деп жазған ол өзі зерттеген патшайым туралы деректерді назарға ұсынды. 

  • Королеваның паспорты жоқ. Әлемнің кез келген елін паспортсыз аралай алған
  • Жылқы жануарын қатты жақсы көрген. Өзі жақсы шабатын болған және жылда ат жарыстарын өткізіп тұрған. Әлі де.
  • Корги пародалы иттің фанаты. Отыздан астам иті болды. Осыған орай кино шығып еді 1-2 жыл бұрын.
  • Автомобильдің қыр-сырын жақсы түсінген. Сүйікті маркасы Jaguar. Машинасының ішінде сумкаларына арналған бір бөлме және итіне арналғар тері төсеніш бар.
  • Жатар алдында күніге 1 бокал шампан ішетін болған екен.
  • “Арсенал” футбол клубының жанкүйері.
  • Пандемияға дейін сарайында жылына 50 мыңға жуық қонақ қабылдайтын болған деседі. Шығынын айтсаңызшы…
  • Французша еркін сөйлеген.
  • 100-ге жуық фильм және ТВ бағдарламаларында сомдалған, яғни Елизабетаның рөлін ойнаған. Ең дегені The crown сияқты.
  •  Уимблдон теннис турниріне 4-ақ рет келген. Соңғы рет араға 33 жыл салып, 2010 жылы Энди Маррейдің матчын тамашалауға келді. Сол кезде Серена Уильямс, Новак Джокович, Роджер Федерер сияқты теннисшілермен кездескен
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары