$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордалық шопандар қаракөл қойдың азайып кеткенін айтып отыр

Қаракөл қойы азайып барады. Сыр елінің шопандары қаракөл қойын өсіруге назар аударылғандығын қалайды, деп хабарлайды 24.kz.

Өткен ғасырдың аяғында еліміз бойынша 6 миллиондай асылтұқымды ұсақ мал болған. Тоқырау жылдары қолдағы түлік басы бірнеше есеге азайды. Қызылордалық шаруалар азын-аулақ қаракөл қойын сақтап қалып, бүгінде санын арттырды. Дегенмен шопандар қазірде малдың не елтірісін, не жүнін өткізе алмауда. Өңірде қаракөл қой өсіру кеңшарлары 70 жылдардың басында құрыла бастады. Елтірісі алтынмен пара-пар бағаланатын. Қаракөл тұқымын сақтап қалған ауданның бірі - Шиелі. Мұнда 5 шаруа қожалығы асылтұқымды мал өсірумен айналысады.

— Қазір жүнді ешкім алмайды. Бұрын жүн қымбат материал есебінде болатын. Елтірісі де сол сияқты болып тұр. Қабылдау пункттері ашылса, әрине, қой өзінен-өзі көбейеді. Өйткені, мал өсіруге деген ынта-жігер өте зор. Қаратау аңғарындағы Сауысқандық жайлауында ілгеріректе 40 мыңдай қой өрбіген. Кеңшар тарағанда Бөрібай Ібішев 200 бас қоймен бөлініп шығады. Қазірде меншігіндегі қойы 2 мыңға жуықтап қалды. Оның 1180-і қаракөл тұқымы. Биыл көктемде 900 қозы алып, 160-ының ғана елтірісін өткізді. Шаруаның айтуынша, егер арнайы өткізу бекеті ұйымдастырылса, өнім өндіру көлемін де ұлғайтуға мүмкіндік бар, — Шиелі аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жақсылык Әлиев.

Шаруа қожалығының төрағасы Бөрібай Ібішевтің айтуынша, облыста қаракөлді өткізетін жер болмаған соң, Шымкент жаққа арзандау бағамен кетеді. Жүн жағы да қиын. Осы жағы шешілмей тұр. Егер, қаракөлді жақсы бағаға алып жатса, шарушылықты көркейтуге болады екен.

Орта Азия халқының жылдар бойы сұрыптауы және өсіруінің нәтижесінде шығарылған еті мығым, шағын, жүрдек, құйрықты қой тұқымына шетелдіктердің қызығушылығы жоғары. Қаракөл елтірісі киім өндірісінде кеңінен пайдаланылады. «Егер мемлекеттік қолдау болса, кешенді өнеркәсіпті осы өңірде де жандандырып, мал шаруашылығы мен тігін индустриясы қатар дамытылар еді дейді» шопандар қауымы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары