$ 481.84  531.33  5.07

Екі өңірде 35 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер 6-8 желтоқсан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяз болатынын хабарлады.

Синоптиктер 6-8 желтоқсан аралығында еліміздің басым бөлігінде аяз болатынын хабарлады.

"Қазгидромет" мекемесінің мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігі жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

6 желтоқсанда түнде Қарағандыда, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градусқа дейін аяз күтілуде.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың әсерінен қар жауып, тұман түседі, оңтүстікте көктайғақ болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы