$ 486.44  534.31  5.06

Айдос Ербосынұлы комадан соң Қазақстанға оралды

Бұған дейін ол жанкүйерлеріне қолдау білдіргендері үшін алғыс айтып, болашақта рингке оралғысы келетінін айтқан болатын.

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы WBA Regular әлем чемпионы кіші Давид Моррельден жеңілгеннен кейін отанына оралды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қарашада Айдос кубалықпен Миннеаполисте (АҚШ, Миннесота) жұдырықтасып, Моррель 12-ші раундта жеңген болатын. Айқастан кейін Ербосынұлы жергілікті ауруханалардың біріне жеткізіліп, оның миына қан құйылғаны анықталған болатын. Боксшы жасанды комаға түсіп, ота жасалды. Бірнеше апта бойы дәрігерлердің бақылауында болды.

Айдос Instagram Stories-те әуежайда достары мен туыстары қарсы алып жатқан бірнеше видео мен фото жариялады. Бұған дейін ол жанкүйерлеріне қолдау білдіргендері үшін алғыс айтып, болашақта рингке оралғысы келетінін айтқан болатын.

Осыған дейін Айдос Ербосынұлының ауруханадан шыққанын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары