$ 442.05  474.14  4.74

Танымал боксшы өмірден өтті

Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды.

Атақты кеңестік және қазақстандық боксшы, КСРО чемпионы, ҚазКСР және Қазақстан чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Болат Теміров 53 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Атырау бокс федерациясы.
 
Болат Бисенұлы 1992 жылғы Олимпиада қатысушысы, бірнеше рет әлем чемпионаттарының қатысушысы. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында ұлттық құраманың капитаны болды.      

Бокстағы мансабын аяқтағаннан кейін бизнеспен сәтті айналысып, ҚБФ бас хатшысы қызметін атқарды. Атырау облысының құрметті азаматы болды.   

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары