$ 441.58  480  4.86

Қостанайда тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай жылусыз қалды

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК мәліметінше, Герасимов көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы жылу жүйесіне зақым келген.
Фото: 1MI
Фото: 1MI

Қостанайда жылу желісіндегі үзіліс салдарынан тұрғын үйлер, мектеп пен әуежай жылусыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Қостанай жылу энергетикалық компаниясы» МКК мәліметінше, Герасимов көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы жылу жүйесіне зақым келген. 20 желтоқсанда мына мекенжайлардағы үйлер уақытша жылу беруден ажыратылады:

Герасимов көшесі, 2Б, 7, 8, 9, 10, 12;
«Аэропорт» шағынауданы, 6, 7, 8, 9, 10, 12, 16, 17, 18, 19, 20, 28, 29, 30, 32, 33, 35, 35А, 38, 39, 45;
Аэропорт көшесі, 1 (әуежай аумағында);
№29 орта мектеп;
«Қостанай» халықаралық әуежайының ғимараты.
«Сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сағат 20.00-ге дейін олар ақауды жою жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Жылу беру сағат 20.00-ден 00.00-ге дейін іске қосылады», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары