TikTok қолданушыларын неміс ұлтының өкілі, шын есімі Дик Эллия, қазақша Әлия апаның қазақ тілінде берген батасы жұртшылықты сүйсіндірді деп хабарлайды Azattyq Ryhy.
Өзін Әлиямын деп таныстырған әжей қазақилықты бойына сіңірген, қазақша ойлап, еркін сөйлейді.
Әжейдің TikTok-та тараған видеосы 800 мыңнан астам қаралым жинап үлгерген. Видеоны әжесінің немересі жариялапты.
Қазақилықты қанына сіңірген апамыздың тілі, ұстанымының бәрі қазақ. Кезінде қазақ жігітіне тұрмысқа шыққан ол қазір балаларын қазақы дәстүрмен тәрбилеп отыр.
Видеоның астына жарыса пікір қалдырған қазақстандықтар Әлия апаға ұзақ ғұмыр тілеп, ризашылығын білдірді.
«Әжеңіз қандай керемет! Оған ұзақ өмір тілеймін», «Өте жақсы апа», «Әже қазақ тілінде өте жақсы сөйледі, әжеңіз керемет, шапшаң, дені сау болсын», «Мен оның қазақ тілінде таза әрі сауатты сөйлеп отырғанына таң қалдым», - деп жазды желі қолданушылары.