$ 481.84  531.33  5.07

Орал тұрғындары жарықсыз қалды

Апат орнында бригада жұмыс істеп жатыр.

Орал қаласында 1,5 мың абонент электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"109" қызметінің мәліметінше, алтыншы және оныншы шағын аудандарда және "Катерина" дүкенінің ауданында электр қуаты апаттық жағдайда сөніп қалды. Апат орнында бригада жұмыс істеп жатыр. 1500 абонент жарықсыз қалды", - деп жазды “Лада” басылымы.

Сонымен қатар, ескі әуежай ауданының кейбір тұрғындары үшін кернеу төмендетілді. Мұндағы әуе электр желілерінде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын 17:30-ға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары