$ 486.44  534.31  5.06

Еліміздегі 500 мектеп КСРО заманында салынған

Апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы қашан шешіледі.
Фото: azattyg. ruhy
Фото: azattyg. ruhy

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова министрліктің алқа отырысында апатты жағдайдағы мектептердің проблемасы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy. 

«Қазіргі таңда апатты жағдайдағы 37 мектептің мәселесі «Жайлы мектеп» аясында толық шешіледі. Елімізде 500 мектеп 70 жылдан артық жұмыс істеп келеді», - деді ол.

Ол атағандай, үш ауысымды мектептердің проблемасы халық көп шоғырланған қалаларда бар.

«Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Түркістан, Алматы облыстарында үш ауысымды мектеп мәселесі бар. Министрлік үш жыл ішінде бұл мектептердің мәселесі шешіледі деп жоспарлап отыр. Қазір есепте бар», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары