Оралда сырғанаушыларды биікке көтеретін аспалы жолдың арқанына оратылып қалған бойжеткеннің жағдайы ауыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бауыры езіліп, алты қабырғасы сынған ол ота жасағаннан кейін бір жарым сағаттан соң ғана есін әзер жиған. Полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады.
“Әкелгенде жағдайы ауыр болды. Екінші дәрежелі ауыр жарақаттан есінен танған. Қазір күйі тұрақты ауыр. Есін жиды, тілге келді”, – дейді хирург Рапхат Әжіғалиев.
Оқиға өткен демалыс күні Оралдағы дамалыс кешендерінің бірінде болды. 17 жастағы бойжеткен аспалы арқан жолдағы тюбингке отыруға кезекте тұрғандарды айналып өтпек болыпты. Қоршаудан қарғып түсіп, кезексіз өтпекші болғанда аспалы жолдың арқанына ілініп қалған. Қозғалыстағы темір трос бойжеткенді сүйреп әкетіп, арқанды айналдырып тұрған барабанға жаншып тастаған.
Полицейлер қауіпсіздік ережелеріне сәйкес келмейтін қызмет көрсету бабымен қылмыстық іс қозғады. Алайда демалыс орны басшылығы қайғылы оқиға қыздың өз кәнісінен болғанын айтады.
“Шектеулерге қарамастан, айналып өтіп тросқа қысылып қалған. Біз дереу көмектесіп, сол жерде жедел жәрдем шақырдық. Ауруханаға жеткізді. Сол кездің өзінде сегіз адам жүрді қауіпсіздікті қадағалайды. Қаншама жазу жазылып тұр, адамдар айқайлап тұр. Өкініштісі, адамдар тыңдамайды”, – дейді
демалыс орнының басқарушысы Сабыржан Нұрғалиев.