$ 494.87  520.65  4.91

«Шәкәрім, Абайлар адаспаған шығар»: Депутат тәңіршілдерді адасушыларға теңеді

Қоғамда әдейі арандатушылық туғызып жүрген топтар болуы мүмкін. 

Фото: t.me/mazhilis_kz
Фото: t.me/mazhilis_kz

Әлеуметтік желіде тәңіршілдікті дін ретінде тануды талап ететін петиция пайда болды. Осыған қатысты Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның пайымдауынша, дінді саяси құралға айналдыруға болмайды, себебі дін әр адамның жеке таңдауы.

«Тәңіршілдік деген дін емес. Біздің ата-бабамыздың ұстаған діні – ислам. Сондықтан бұлар адасушылар болуы мүмкін. Дұрыстап оқысын, зерттесін. Қожа Ахмет Яссауи, Бекет ата, Шәкәрім, Абайлар адаспаған шығар деп ойлаймын.

Бізде мойындалған негізгі діннің бағыттары бар. Сондықтан мемлекет оны қарайды деп есептеймін. Қоғамда әдейі арандатушылық туғызып жүрген топтар болуы мүмкін. Оның артында да біреулер тұруы мүмкін. Кім біледі, сырттан да осындай әдейі қозғалыстар жасауы мүмкін. Сондықтан тиісті мемлекеттік органдар, құқық қорғау органдары бұл мәселемен айналысуы керек», - деді Еділ Жаңбыршин.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары