$ 494.87  520.65  4.91

«Балалардың санасын дінмен улауға құқығы бар ма?»: Белгілі кәсіпкер Санжар Керімбайды айыптады (ВИДЕО)

Балаңыздың мектепте ғылым мен білімді оқымай, өстіп орта ғасыр адамындай миын шайқап зікір салып отырғанын қалайсыз ба?

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Танымал кәсіпкер, бизнес-тренер Ахметбек Нұрила белгілі ағартушы Санжар Керімбайды айыптап, пост жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

Оқи отырыңыздар: «Қазақ әлі жоғары қарауға қорқып, уағызға уланып жатқан қауым» – Ахметбек Нұрсила

«Қазақстанда тиым салынбаған діндерден басқаның қайсысын ұстанамын десең рұқсат етілген. Санжар Керімбай деген сопылық жолда жүрген азамат, Қазақстан мемлекетінің мектептерін «Дімкәс оқу жүйесі мен мүгедек оқулық пен мұғалім не істей алады?» деп өз діни ұстанымын барша қазақ балаларына таңу тірлігін бастап кетіпті! Бүкіл Қазақстан балаларының санасын дінмен улауға қаншалық құқығы бар?

Сіз балаңыздың мектепте ғылым мен білімді оқымай, өстіп орта ғасыр адамындай миын шайқап зікір салып отырғанын қалайсыз ба? Білім министірлігі, құқық қорғау орындары бұған қалай қарайды екен?», - деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 11
Күлкілі 2
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары