$ 494.87  520.65  4.91

«Бейшара жануар тамақсыз, сусыз қалды»: Air Astana компаниясының салғырттығынан итін жоғалтқан оралдық әйел халықтан көмек сұрады

Басымнан өткен күйзелісті елестете алмайсыздар.

Фото: Нина Служаваеваның жеке архивінен алынған / Иттің аты “Малинка”
Фото: Нина Служаваеваның жеке архивінен алынған / Иттің аты “Малинка”

Қазақстандық Нина Служаева желідегі парақшасында 2024 жылы 30 сәуірде Орал әуежайында Алматыдан ұшып келе жатқан Air Astana әуе компаниясының ұшағынан Малинка деген итінің қашып кеткенін жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әйелдің сөзінше, иті сатып алған билетке сәйкес ұшақтың багаж бөлігінде жабық ауа қорабында тасымалданған. Жүкті түсіріп жатқанда ит әуежай аумағына жүгіріп шығып кетіпті. Жәшік ұшақтан ешқандай зақымсыз шығарылғандықтан, ит әуекомпанияның немесе әуежай қызметкерінің кесірінен қашып кетті, деп топшылады оралдық әйел.

Бұл уақыт аралығында Малинка әуежай аумағында болды, бірақ иттің иесі ретінже маған аумаққа кіруге рұқсат бермеді. Әуежай қызметкерлері де итті ұстай алмады. Осы уақытқа дейін Air Astana өкілдері менімен бірде-бір рет хабарласпады. Тіпті кешірім сұрамады, итті іздеу және ұстау шараларын жүргізбеді, – деп Нина Служаева ағынан жарылды.

Азаматтық авиация комитеті мен Авиация әкімшілігіне түскен шағымдар нәтиже бермепті. Оралдық ару қазіргі күнге дейін Малинканың қайда екені белгісіз деп отыр. Оның айтуынша, әуежай қала сыртында орналасқан.

Бейшара жануар тамақсыз, сусыз далада аптап ыстықта, жаңбырдың астында қалды. Көмектесіңіздер! – деді оралдық әйел.

Әйел Air Astana халықаралық әрі Қазақстандағы №1 әуе компаниясы деп билетті арнайы сатып алған.

Сүйікті жануарымның аман-есен жеткізілетініне еш күмәнім болмады. Шындығын айтқанда, олардың салғырттығынан бейкүнә жануар зардап шекті. Менің басымнан өткен күйзелісті ешкім елестете алмайсыздар. Қазір бұл жағдайды резонансқа айналдыру үшін жұртшылықтан көмек сұраудан басқа амалым қалмады, – деді Нина Служаева.

Еске салайық, бұған дейін әнші Ерлан Көкеев Air Astana әуе компаниясына шағымданып, гитарасының жоғалғанын айтқан едік. Кейін компания қызметкерлері аспапты тапты. Өнер иесіне аспабын Александр есімді жолаушы әкеліп берген. Айта кетейік, өнер иесі осымен екінші рет аспабына қатысты мәселе болғанын айтып отыр.

Дереккөз: Stan.kz ақпарат агенттігі

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары