$ 498.51  522.84  4.81

Жасы 55-тен асқан азаматтарды жұмыстан шектеуге тыйым салынады

Елімізде «Зейнетақы жүйесін жаңғырту» жобасы аясында әзірленген «50 жастан асқан азаматтарды (бастама +50) жұмыспен қамтудың кешенді жоспары» жұмыс істеуде.

Кешенді жоспардың негізгі мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмірлік деңгейін арттыру, оларға жеткілікті зейнетақы жарнасын жинақтауға көмектесу және жұмыссыздықтың жалпы деңгейін төмендету болып табылады. Сондай-ақ егде жастағы азаматтардың тәжірибесін пайдалану жағы тағы бар.

«Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і басшысының орынбасары Керімқұл Әлімқұлұлының айтуынша, Алматы қаласында әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін арнайы құрылады.

- Балалар ауылының тәрбиеленушiлерi және балалар үйлерінің түлектері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он алты жастан жиырма үш жасқа дейiнгi балаларға арналған мектеп-интернаттардың, зейнеткерлiк жас алдындағы (зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған) адамдар, мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көпбалалы ата-аналар, жеті жасқа дейінгі баланы, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдар, оралмандар, терроризм актісінің нәтижесінде зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар басым құқыққа ие болады, - дейді «Алматы қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-і басшысының орынбасары Керімқұл Жекетаев.

Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар демекші, мемлекеттік бағдарламалар аясында 50 жастан асқан адамдарды, әйелдерді еңбекпен қамтуға мүмкіндік беретін жұмыс орындарын құру, сонымен қатар, қаржыландыруға қолжетімділікті және қалалар мен ауылдарда өзінің жеке ісін ашуға мүмкіндік жасау көзделген.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында егде адамдарды әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша нақты жұмыстар жүзеге асып келеді.

- Бұл туралы толықтырып айтатын болсақ, қоғамдық жұмыс олрындарына – 262, әлеуметтік жұмыс орындарына – 242, тұрақты жұмыс орындарына 550-ден аса егде жасқа келген адамдар орналастырылса, қысқа мерзімдік қайта даярлау және кәсіби біліктілігін арттыру курстарында оқу үшін 165 егде жастағы азамат қамтылды, - дейді Керімқұл Әлімқұлұлы.

Естеріңізде болса, экс-министр Серік Әбденов «Жасы 50-ден асқан азаматтарымызды жұмыспен қамту үшін қосымша шаралар қарастыруымыз қажет. Сондықтан да, «Еңбек Кодексіне» бүгінгі күні қосымша өзгерістер енгізілуде. Мысалы, жасы 55-тен асқан азаматтарды жұмыстан шектеуге тыйым салынады» деген еді.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары