Астананың № 6 емханасында бала туу жасындағы әйелдердің ауруын бастапқы кезеңде анықтайды. «Анамның жүрегі» қайырымдылық акция ҚР Тәуелсіздік күніне арналады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
«Бала тууға қабілетті әйелдерді сауықтыру болып табылады. Оған кез келген әйел қатысып, гинеколог, маммолог, невропотолог, эндокринолог және терапевтің кеңесін ала алады. Тексеру қайырымдылық негізде ақысыз жүргізіледі. Біз, әйелдердің ауруын дер кезінде анықтап, барлық талаптарға сәйкес емдеуді көздейміз. 2013 жылы акцияны 17-ден бастасақ, биыл 70-тен астам адам мамандардан кеңес алды», - деді медиа орталықтың тілшісіне берген сұхбатында №6 қалалық емхананың бас дәрігері Динара Байсеркина.
Медициналық мәселелер бойынша жоғары сыныпты және жоғары білікті санатқа жататын 20-дан астам маман тұрғындарға кеңес береді.