$ 498.34  519.72  4.85

Бостандық ауданынының әкімі әлеуметтік-экономикалық өсім жайында айтты

Бүгін Алматыда Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев баспасөз мәжілісін өткізіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы баяндады. Сондай-ақ, аталған брифингте аудан басшысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске асу барысы жайында да айтып берді.

Б.Торғаевтың айтуынша, Бостандық ауданында жалпы саны 44 ірі және орта, 884 шағын кәсіпорын тіркелген екен. Жергілікті тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық дамуына олардың қосып отырған үлесі мол.

– Ауданымызда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында 10-нан астам жоба мақұлданып, іске асырылды. Мәселен, биылғы жылы ауданымызда 14 жаңа балалар және спорт алаңдары ашылды. Алматы қаласы бойынша Бостандық ауданында кәсіпорын өнімдерінің үлесі 10,4 % құрайды, - деді Бостандық ауданының әкімі Бекқали Торғаев.

«Аймақтарды дамыту – 2020» бағдарламасы аясында Бостандық ауданында жалпы саны 90 көпқабатты тұрғын үйге жөндеу жүргізілуде. Соңғы 10 айдың ішінде  аудан бойынша 255,3 мың м2 баспана пайдалануға берілген. Дегенмен, аудан әкімі Алматының тау бөктеріне көпқабатты үй салу тоқтатылғанын атап өтті.

– 2016 жылдың басында берілген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасынан кейін әл-Фараби көшесінен жоғары қарай көпқабатты үйлер салынған жоқ. Қалалық мәслихат депутаттары осы тапсырмаға сәйкес тау бөктерінде салынатын үйлердің биіктігі 12 метрден аспау қажет деген шешім қабылдаған болатын. Қала құрылысы кеңесінде осыдан кейін бірде бір жоба орындалған жоқ. Елбасы тапсырмасына дейін шешім алғандарға мониторинг жүргіздік. Біздің ауданда «Базис» компаниясының 7 қабатты үй салу жобасы бар еді, соны 3 қабатқа шегерді, - деді Бекқали Нұрғалиұлы.

Оның айтуынша, 2017 жылдың қаңтар-қазан айларына сәйкес, Бостандық ауданында мемлекеттік кірістер көлемі 273,6 млрд. теңгені құраған.

– Жоспар 74,0% орындалды. Оның ішінде республикалық - 182,2 млрд теңге (67,0%) болса, жергілікті - 91,4 млрд. теңге (90%), - деді әкім.

Сондай-ақ, ол осы жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында негізгі капиталға құйылған инвестициялар көлемі 119,9 млрд. теңгеге жеткенін айтты. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ 125% өскен екен. (95,9 млрд. теңге).

Айта кетейік, Бостандық ауданында 24 836 кәсіпорын тіркеліп қазіргі таңда олардың 12 896 тұрақты жұмыс істеп тұр. Сонлай-ақ, аудан көлемінде 29 мемлекеттік медициналықмекемелер, оның ішінде 8 республикалық ғылыми институттар мен орталықтар, 203 жекеменшік медициналық мекемелер қызмет көрсетеді.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары