$ 498.34  519.72  4.85

Әуезов ауданыда «мемлекеттік қызметтер бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі өтті

Алматыда Әуезов ауданы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік Қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «мемлекеттік қызметтер бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесі өтті.

Аталмыш жәрмеңкеде «Атамекен», «Даму», «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» сияқты ірі ұйымдармен қатар, 23 мемлекеттік орган бос орындарын қала тұрғындарына ұсынды.

- Бүгінгі жәрмеңкеге 2275 адам келді. Оның 2269-ы мемлекеттік қызметке орналасуға, 484-і қолда бар бос жұмыс орындарына орналасуға өтініш білдірді. Сол 484-тің 70-і Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға ниетті болса, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 15 азаматпен 15 келісімшарт жасасты. Бұл әзірге осындай жәрмеңкелердің ең озығы болып отыр, - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қалалық департаментінің басшысы Айгүл Байқанова.

Жәрмеңкенің мақсаты – электрондық мемлекеттік қызметтерді және мемлекеттік қызметті дамыту, сондай-ақ, халыққа «электрондық үкімет» порталы арқылы және «Алматы қаласының азаматтары үшін» мемлекеттік корпорациясы арқылы (ХҚКО) қызметтерді алудың артықшылықтарын түсіндіру болды.

- Жалпы, Алматыда мемлекеттік қызметтерді 48 мемлекеттік орган көрсетіп отырса, көрсетілген қызметтердің жалпы саны – 353 болды. Атап айтқанда, Жәрмеңкеде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, білім беру, азаматтық мәртебесі, тұрғын үй және жер қатынастары, архитектура, энергетика және коммуналдық шаруашылық салаларында ең танымал және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсынды, - дейді Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің Бас маманы Шавкет Турдуев.

Жәрмеңкеде барлық келушілерге электрондық цифрлық қолтаңба қызметінің тәртібін түсіндіріп, келушілер кез-келген қызметті электронды түрде алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңкеге келушілер 15 минут ішінде электронды цифрлық кілтті алды. Бұл алдағы уақытта оларды үйден шықпай-ақ дербес қызметтер алуына мүмкіндік береді, сол арқылы өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді алады.

Айта кетейік, ҚР Мемлекеттік қызмет істері Алматы қалалық Агенттігінің департаменті бұған дейін Медеу, Жетісу, Алмалы аудандарында мемлекеттік қызметтер бос жұмыс орындарының» жәрмеңкесін ұйымдастырған болатын.

Ақбота Мұсабекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары