Әлеумет 04.01.2018 сағат 13:47

БҚО әкімі облыс тұрғындарын онлайн-сауалнамаға қатысуға шақырды

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов өңірдегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде жергілікті тұрғындардың ұсыныстарын негізге алатын болады. Ол үшін батысқазақстандықтар әкімдіктің ресми сайтында жүргізіліп жатқан онлайн-сауалнамаға қатысуы тиіс.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Аталған жоба облыс халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл туралы өңір басшысы өзінің Twitter-парақшасында мәлімдеді.

«Құрметті өңір тұрғындары! Биыл алдымызда қыруар жұмыс күтіп тұр. Есептік кездесулерде сіздердің ұсыныстарыңызды ескеріп келеміз. Ұсыныс аясын кеңейту мақсатында онлайн сауалнама жүргіземіз. Белсенді қатысуға шақырамыз», - делінген әкімнің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сауалнама 20 тақырыптан тұрады. Дауыс беруге қатысқан кез-келген БҚО тұрғыны ең бірінші кезекте дамуы тиіс деген 5 тақырыпты белгілейді немесе өз ұсынысын жазбаша қалдыра алады.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар