$ 449.58  486.94  4.86

Шымкент қаласының 12 мың тұрғыны атаулы әлеуметтік көмекке ие болған

Еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкент шаһарында көпбалалы аналар мен аз қамтылған отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмекке 12 мың адам қол жеткізіп отыр.

Мамыр айының 15-іне дейін құжат тапсырған отбасылардың тағы 9 мыңға жуығы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізетін болады. Мемлекеттің қаржылай қолдауына ие болған бірқатар аналар өз кәсіпттерін ашуды қолға алып жатқанын да айта кетейік.

Негізінде, бұл бағдарлама бойынша сәуір айынан бастап 21 мың тұрғыннан өтініш қабылданған. Ал, Шымкент қаласының 39 мыңнан астам тұрғынына әлеуметтік көмекті қалай алуға болатындығы жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Бір айта кетерлігі, бүгінде Шымкентте көпбалалы аналар саны 31 мыңнан асып жығылады. Оның 3200-інің күнкөріс деңгейі төмен болып табылады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар 36 мыңға жуық. Әлеуметтік көмек алатын азаматтарға шаһардың төрт ауданынан құжат рәсімдейтін бірнеше «Аналар орталығы» да ашылған болатын. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасын таппақ.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары