$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктер 2020 жылға дейін электронды төлем жүйесіне көшеді

Бұл жаңалықты Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жазғанын айта кетейік.

«2019 жылдың соңына дейін қалалық қоғамдық көліктерге электронды төлем жүйесін ендіру жоспарлануда. Электронды төлем жүйесін ендіру арқылы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы көтеріліп, тасымалдаушылардың табыстарының ашықтығы қамтамасыз етіледі, қоғамдық көліктердің салондарында болатын ұрлықтардың алдын алады. Бұл мақсатта, Алматы қаласындағы «Оңай» ЖШС-мен келіссөздер жүргізілді», – дейді ол жазбасында.

Жалпы, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында, биыл «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы қалаға 1 мың автобус алу жоспарлануда екен. Нақтырақ айтар болсаққ, 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін 300 автобус әкелінеді. Қалған 700 автобус жылдың соңына қарай жеткізілмек.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Шымкентте 26 көлік компаниясы жұмыс істейді. Күн сайын 1200 автобус пен шағын автобус қызмет етеді. 500 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көлікпен күнделікті қатынайды.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары