$ 494.87  520.65  4.91

Сирияда 4 баласынан айырылған қазақстандық келіншек немересін алып елге қашып келді (ВИДЕО)

«2018 жылы күйеуім әуе соққысынан мерт болды. Ракха қаласында үлкен ұлым өліп кетті. Адамдардың басын кесіп жатты. Таспен ұрып өлтіретін. Былтыр барлық баламнан айырылдым. Өзім жарақат алдым», - деп жалғастырды әңгімесін Нұрайым.

Күйеуінің айтуымен төрт баласымен Сирия асқан қазақстандық келіншек мұңын шақты. Балаларының барлығынан айырылған ол жиен немересін алып, елге қашып келген, деп хабарлайды SN.kz тілшісі.

Өзін Нұрайым Бақытжанова деп таныстырған азаматша Қырғызстанның Ыстықкөл облысында дүниеге келген. Кейін Алматыда қазақ жігітімен танысып, шаңырақ көтерген. Осында азаматтық та алған. 

Айтуынша, жолдасы теріс ағым өкілдерімен байланыс орнатып, Сирияға аттанған. Өзі кетпей, әйелі мен төрт баласын да алдыртыпты.

«Күйеуім бұйырған соң, амалсыз, балаларымды алып Сирияға кеттім. Әйелдер мен қарттарға, балаларға ол жаққа бару парыз еместігін айтып едім, жолдасым тыңдамады. Өз дегенін айтып, парыз уақыты келгенін жеткізді. Ол жақта қауіпсіз жерде тұрақтайсыңдар деген. Алайда, барған бойда әділетсіздікке тап болдық», - дейді келіншек. 

Нұрайым Сирияда балаларына алаңдаушылық білдіре бастаған. Өйткені, олардың ойындарына дейін тым қатал болса керек. Бірі кәпір болса, екіншісі оны өлтіру керек болады. Айнала жауыздыққа толы болған.

«2018 жылы күйеуім әуе соққысынан мерт болды. Ракха қаласында үлкен ұлым өліп кетті. Адамдардың басын кесіп жатты. Таспен ұрып өлтіретін. Былтыр барлық баламнан айырылдым. Өзім жарақат алдым», - деп жалғастырды әңгімесін Нұрайым. 

Қолында тірі қалған немересін алып, елге қашудың амалын жасаған келіншек Қазақстанға жеткен. Басынан өткен сұмдық жайтты әңгімелеген Нұрайым өзгелерден өзі секілді қателеспеуін сұрайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары