$ 494.87  520.65  4.91

Министрлік атаулы әлеуметтік көмек тоқтатылмайтынын мәлімдеді

Ағымдағы жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған.
Фото: Egemen.kz
Фото: Egemen.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде атаулы әлеуметтік көмек төлеуді жақын арада тоқтату туралы ақпарат таратылуда. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Елорда Инфо ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпаратты ресми жоққа шығарды. Аталған жәрдемақы түрі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген және оны жою қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді. Қазіргі таңда бұл мәселе қарастырылмайды»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Еңбек министрлігі басқа мемлекеттік органдармен және барлық деңгейдегі әкімдіктермен бірлесе отырып, аз қамтылған және балалы отбасыларды жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтудың барлық ұйымдастырушылық, рәсімдік, нормативтік және қаржылық мәселелерін шешті.

Ағымдағы жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша атаулы әлеуметтік көмекпен 273 мың отбасы қамтылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары