$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте аутрич орталығы ашылды

Шымкентте ашылған аутрич орталығы көлеңкеде қалған жастарды қоғамға бейімдеуге көмектеседі. Шетелдік тәжірибе негізінде жұмыс істейтін жастар ресурстық орталығының мамандары теріс жолға түскен қатарластарға мотивация беруге жол ашады. Мұндағы мамандар жастармен жеке-дара тілдесіп, арман-тілектеріне құлақ асады.

Елімізде Жастар жылының жариялануы Мемлекет басшысының жас буынға арнаған жарқын үндеуіне айналды. Қазақстанның жастары – елдің басты байлығы. Еліміздің болашағы да жастар, сондықтан оларға үлкен үміт артылып отыр. Бұл сенімді шымкенттік жастар ақтауға бек дайын. Соның алғашқы қадамы ретінде аутрич орталығын ашып отыр.

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрдәулет Тәңірберген «Бұл пилоттық жоба. Қазір біз осы жобаны іске асыру арқылы жастарға не керек? не істей жаламыз жастарға деген мәселелерге жауап тауып отырмыз» - дейді.

Жастардың екі тобы бар. Олар белсенді және көлеңкеде жүрген жастар. Екінші топтағы жастар арнайы орталыққа келіп, өзіне ақпар беруден бас тартады. Сондықтан қазір Шымкентте аутрич орталығы ашылып отыр. Ол дегеніміз – көлеңкеде жүрген жастардың белсенділігін арттыру. Яғни олардың ортасына барып жұмыс істеу. Мамандар жұмысы жоқ, жайы жоқ жастар көп шоғырланатын орталықтардан арнайы нүкте ашпақ ниетте. Сол арқылы кез-келген жастың белсенділігін арттыруға мүмкіндік бар,-дейді. Әзірдің өзінде мамандар тілдескен 10 адамның 3-еуі жұмыспен қамтылып, оқу оқып жүр.

«SN.kz» - ақпарат»

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары