$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте «жолда қабылдау» акциясы өтеді

Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкерлері 14-15 маусым күндері сағат 9:00-ден 19:00-ге дейін «Жолда қабылдау» акциясын өткізуде.

Мұндағы мақсат – азаматтардың құқықтық сауатын және олардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету. Қоғам мен билік арасындағы байланыс алаңын кеңейту. Азаматтардың жеке түсініктері мен жауапкершіліктерін сезіндіру, жол апаты келеңсіздіктерін алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Акция А.Байтұрсынов көшесі бойындағы Диагностикалық орталықтың алдында және 11-ш/ауд. «Мечта» сауда үйінің алдында, сондай-ақ, Асар шағынауданындағы №2, 4, 6, 8, 10, 12 үйлердің ауласы мен Б. Момышұлы көшесі бойынша орналасқан №8, 8А, 8Б үйлердің ауласында болады.

Қабылдауда әкімшілік практика, көші-қон қызметі, жол-техникалық инспекциясы, азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау және криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілер мен жолаушылардың сауалдары мен өтініштеріне жауап береді. Сонымен қатар 8-7252-30-10-30 телефоны бойынша call-орталық жұмыс істейді.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#акция #жол