$ 449.3  489.69  4.89

Ақтаулық аппақ қыздардың ерекше дене түсіне жұртшылық таңданысын жасырмады

Әпкелі-сіңілі Әсел мен Камила - Альбиностар.

Instagram-да @omir.zholy парақшасында ерекше аппақ қыздардың суретi пайда болды, деп жазады Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бір қарағанда, көбі бұл қыздарды бояп қойған десе, енді біреулер - анасы немесе әкесi орыс деп те ойлайды.

Ешқандай бояу да, тіпті, тұқымдарында орыс та жоқ. Қарапайым ақтаулық қазақ отбасының қыздары.

Әпкелі-сіңлі Әсел мен Камила - АЛЬБИНОСтар. Бұл өте сирек кездесетін, тұқым қуалайтын, ағзаның генетикалық құбылысы. Дегенмен, соңғы онжылдықта белең алып барады. Ғалымдар дүниеге 20 мың бала келсе, соның біреуі АЛЬБИНОС екенін алға тартуда.

Қыздардың анасының есімі - Айман Сарқытова, 38 жаста. Екі қыздың ортасында ұл бар. Ол кәдімгі қазақтың "қара домалақ" баласы.

Әсел мен Камила күндіз үйден шықпайды. Себебі, қыздардың ағзасында меланин жасушаларының аздығынан күннің көзі оларға кері әсер етеді.

Ең бастысы, қоғам кері әсерін тигізбесе болғаны.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары