21 жастағы тараздық бойжеткен туған ағасынан зорлық көргенін айтып, желі қолданушыларынан ақыл сұрады. İnstagram әлеуметтік желісіндегі @kutpedim парақшасына жолдаған хатын өзгеріссіз назарларыңызға ұсынамыз.
«Жасым 21-де. Осыдан 5 ай бұрын үйдегілер тойға кеткенде туған ағам ішіп кеп зорлап тастады. Содан бері үйдегілер кетсе болды бөлмеме жетіп кеп, шешініп, маған білгенін істейді.
Анам 3 жыл бұрын қайтыс болған. Әкеме айтуға қорқам. Не ақыл сұрар тәтем жоқ.
Жақында тест алып көрдім, жүкті екенмін. УЗИ 4 ай дейді. Баламды өлтіргім келмейді. Дәрігер сау боп туатынына кепілдік бермей отыр. Не істесем болады?», - деп бойжеткен ақыл сұрады.