ҚР Сауда және интеграция министрлігі азық-түлік бағаларының тұрақтылығын сақтау мақсатында азаматтарды белсенді болуға шақырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алдағы уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары көрсетілген фотосуреттерді кез келген азамат жібере алатын арнайы сайт құрылатын болады.
«Бүгінгі күнде Статистика комитеті апта сайын (әр сейсенбі күні) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын талдайды. Ресми статистикалық деректер әр бейсенбі күні жарияланады. Деректер жинау 2011 жылдан бастап қолға алынған. Жалпы дамыған елдерде бағаны мониторингілеуге халық тартылды. Сол секілді бізде де кез келген азамат тауар бағасын суретке түсіріп оны әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалар статистикасы жинақталатын мамандырылған сайтқа жібере алады», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов.
Министрдің айтуынша, аталған жүйе арқылы нақты дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын онлайн режімде бақылауға болады.
«Халық белсенді қолдауы болған жағдайда, біз бұл жүйені құруға және оған барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қосуға дайынбыз», - деді министр.