$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысындағы жалғызбасты ананың үйінде жылан мен егеуқұйрық өріп жүр (ВИДЕО)

Гүлмира Үмбеталиеваның күні мен түні ауысып кеткендей. Жыландар мен егеуқұйрықтардың дыбысынан ұйықтау мүмкін емес деген оның әр таңы арпалыспен ататын көрінеді.

Алматы облысында жылан ордасының үстінде өмір сүріп жатырмыз деген тұрғын елден көмек сұрап отыр. Айтуынша, бес жылдан бері тұрып жатқан үйінің асты толған жылан. Жалғызбасты ана Гүлмира Үмбеталиева соңғы күндері тіпті күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылдық дейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, 31 арнаға сілтеме жасап.

Гүлмира Үмбеталиеваның күні мен түні ауысып кеткендей. Жыландар мен егеуқұйрықтардың дыбысынан ұйықтау мүмкін емес деген оның әр таңы арпалыспен ататын көрінеді. Үйіндегі жыландардың бөлшектелген денесін көргенде, балалар бұл баспанада қалай тұрып жатыр деген сұрақ туады.

Күйеуінен жесір қалып, осыдан 10 жыл бұрын Гүлмира мен оның баласы көлік апатына түсіп, мүгедек болып қалған. Бұл үйді аудандық мәслихаттың депутаты уақытша пайдалануға беріпті.

Гүлмира Үмбеталиеваның жағдайын ауыл түгіл, аудандағылар жақсы біледі екен. Биылғы жылы үйіне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп берген көрінеді. Ал баспана мәселесі бойынша сұраққа ауыл әкімі терең күрсініп, қинала жауап берді.

«Спонсорлық көмек арқылы шешеміз. Себебі, ауыл әкімдігі тарапынан үй болмағандықтан, біз оған баспананы бүгін-ертең береміз деп айта алмаймыз», – деді КазЦИК ауылдық округінің әкімі Жасұлан Оңалбаев.

Әкім көмек береміз дегенімен қашан екенін айтпады. Ал алда суық қыс пен қатты аяз келе жатқандығы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары