$ 443.35  475.54  4.82

1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмекке өзгерістер енгізіледі

Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, сараланған мөлшерде тағайындалады.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға және 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу орындарында оқитын студенттерге мемлекеттік жәрдемақының жаңа түрі енгізіледі, деп хабарлайды Sn.kz.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінің өкілдері мәлімдеді.

Бұл жәрдемақы отбасының табысына қарамастан, сараланған мөлшерде тағайындалады. Атап айтқанда, 4 баладан - 42 496 теңге (16,03 АЕК); 5 баладан – 53 127 теңге (20,04 АЕК); 6 баладан - 63 757 теңге (24,05 АЕК); 7 баладан – 74 388 теңге (28,06 АЕК). 2020 жылға айлық есептік көрсеткіш - 2651 теңге қарастырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары