$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте «Менің кәсібім» республикалық әлеуметтік жобасы сәтті жүзеге асуда

Бүгін Айжани Нұрланова мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр және әлеуметтік сала мамандары Достық шағын ауданының тұрғыны, бала кезден мүгедек арбасына таңылған Медет Ермековтің шаңырағына барып, түрлі-түсті принтер, ксерокс аппаратын, оларға қажетті құрал-жабдықтарды табыс етті.

Елімізде іске қосылған «Менің кәсібім» республикалық жобасы арқылы Шымкент қаласының тұрғындары үлкен қолдауға ие болды. Аз қамтылған, көпбалалы және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға арналған әлеуметтік жобасына бүгінгі таңда мегаполистегі 23 отбасы қатысып отыр, деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған жобаның негізін қалаушы Айжани Нұрланова Шымкент қаласы әкімдігімен бірлесе кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау шараларын жүргізуде. Яғни, жоба арқылы жоғарыда аталған отбасыларға кәсіп жүргізу үшін түрлі қажетті бұйымдар, техникалар, құрал-жабдықтар тегін үйлестіріліп жатыр. Оларды алуға Шымкенттегі жаны жомарт жандар, кәсіпкерлер мейлінше қол ұшын созуда.

Бүгін Айжани Нұрланова мен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Садыр және әлеуметтік сала мамандары Достық шағын ауданының тұрғыны, бала кезден мүгедек арбасына таңылған Медет Ермековтің шаңырағына барып, түрлі-түсті принтер, ксерокс аппаратын, оларға қажетті құрал-жабдықтарды табыс етті. 
Жобаны үйлестірумен және жүзеге асырумен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысады. Ал жобаны жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен оның авторы жүзеге асырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#мүгедек