$ 494.87  520.65  4.91

«Әлеуметтік көмекті араққа жұмсап отыр»: Шымкент әкімдігінен шықпайтын әйелдердің әсіребелсенділігі әшкереленді (ВИДЕО)

Біреуі: «Шынымен, 100 немесе 80 адам жиналуымыз керек», - десе, енді бірі әкімдікте нақты не болғанын аудиожазбамен толық жеткізіп беруде.

Шымкенттік көпбалалы аналар әкімдіктің табалдырығын тоздырып жүр. «Өмір сүруге ақша жетпейді» деп шу шығарған ол әсіребелсенді әйелдердің түрін әкімдік қызметкерлері де жаттап алған көрінеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әкімдікке жиі келетіндердің талабы зор. Олар АӘК-тің жырын жырлап, «Үкімет беруі керек ақшалардың» қалталарына түспей қалғанына наразы. Оған қоса, әкімдіктен пәтерлерінің де ақшасын төлеп беруді талап ете бастаған.

«Қай жақта ол ақшалар? Ешқандай ақша берілген жоқ», - дейді олардың бірі.

Ал elitar.kz Instagram парақшасында дәл осы әйелдердің бос уақыттары қалай өтіп жатқаны, әлеуметтік желілерде не айтатыны зерттеп-зерделенген деректер жүр. Соған қарағанда, бұл әккі топ «жағдайымыз төмен» дегеннің өзін арнайы тапсырыспен «шырылдап» беретінге ұқсайды. Шын мәнінде «битін сығып», билікке алақан жайып қалған ештеңесі байқалмайды.

Парақшадағы видеоформатта мысал етілген барлық суретте – сол белсенділер. Аста-төк дастархан басында алкоголді ішімдікке қызара бөртіп-ақ жүр. Олардың месенджердегі топта өзара қандай мәселелерді талқыға салатындары да белгілі болды.

Біреуі: «Шынымен, 100 немес 80 адам жиналуымыз керек», - десе, енді бірі әкімдікте нақты не болғанын аудиожазбамен толық жеткізіп беруде.

«Кеше бәрің шығамыз деп қолдап жатыр едіңдер, біреуің барған жоқсыңдар ғой. Дәлелдеуіміз керек. Өтірік емес, Собестегі Ғалымжанның да, Еркебұланның да, Дарханның да, әкімшіліктің адамдары 4 ауданның... Абай, Еңбекші ауданының әкімі бәрі келді. Тіпті, жылу орталығынан да келді. Барлығы сол жерде жиналды. Абдинуров, Жұлдыз дегендер қасымызда жүгіріп жүр, лыпылдап. 21 мың теңге түспей қалған 2-3 әйелге Ғалымжанның өзі беретін боп кетті. Түсте дастархан жайып, қонақ етті бізді. Өйтіп қорқып отырғаннан ештеңе шықпайды», - деп «мүдделестерін» қайрап қойды.

Соңғы аудиожазбаның иесі әкімдікте не болғанын толық айтып қана қоймай, ақшаға қалай қол жеткізуге болатын жолдарды да атап шықты.

«Қыздар, ертең әкімшіліктің адамдары «азық-түлік беремін» деп алдап кетеді. Кім пәтер жалдап тұрып жатыр бұл топта? «Пәтеріміздің ақшасын ай сайын төлеп беретін болсаңыздар, кетеміз» десеңдерші! Басқа топтағы аналардың пәтеріне жарты ақшаны әкімдік төлеп береді екен», - дейді ол.

Соған қарағанда халықтың арасында арандатушы бір күш жүрген секілді. Пікір білдірушілердің көбі бұлардың әрекетін даттаса, кейбірі кімге сенерін білмей дал.

«Көзбояушылықпен айналысып жүр бұлар», «Халықтың алақан жаюға еттері үйреніп кеткен», «Тіпті, азық-түлікпен көмектесуден бас тартып тұр, оларға маңыздысы – тек ақша», «Осы ақшаны бекер беріп жатыр, халық қағынып кетті», «Кім үшін туады, әкім үшін бе? Соншалықты арсыз болып кеткен қу әйелдер-ай! Тоқтатыңдаршы!», «Әр адам адал еңбекпен бала-шағасын асырауы керек», «Әлеуметтік көмекті араққа жұмсап отыр, бірақ жұмыс істегілері келмейді», «Ұят дегенді білмейтіндер ғой», «Осындайлардың кесірінен шын мұқтаж адамдар ала алмай отыр» деп шуласты олар.

Суреттерден аңғарғанымыз, оларды ішіп-жеміне, өмір сүруіне ақша таппай қиналып отырған әйелдер деуге мүлде келмейтін сияқты. «Қағанағы – қарық, сағанағы – сарық».

Жалпы, АӘК-тің жалпы ережесінде аналардың пәтерін төлеп беруге қатысты тармақты байқамадық. Ал осы бір 21 мың теңгенің дауы Шымкент шаһарында күшеймесе, саябырситын емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары