$ 498.34  519.72  4.85

СҚО-дағы кубалық – аудандық маслихат депутатының күйеуі

Луис Орландоның айтуынша, оған әлемнің екінші шетіндегі мемлекетке үйренісу қиындық тудырмаған. Себебі, мұндағы халық бір-біріне түсіністікпен қарайды.

Кубалық Луис Орландо Аренсибия қалайша Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны болып шыққанын айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz, Liter.kz сайтына сілтеме жасап.

Луис Орландо Аренсибия өзінің болашақ жары Халида Шагвалеевамен 1981 жылы Алматы қаласындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінде бірге оқыған. Осы кезде кубалық жас жігіт журналистика факультетінің студентіне ғашық болып қалады. Тіпті, Гаванаға оралған кездің өзінде оны ұмыта алмай жүреді.

Гавана университетін тәмамдағаннан кейін ол Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасына түседі. Осы кезде байланысты тоқтатпаған қызға жолығады. Той Кубада болып, жас жұбайлар сол жақта тұруды жоспарлайды. Алайда, Халида отанына қайтуды жөн көреді. Сондықтан жас отбасы 1992 жылы Қазақстанға келді.

«Бәрінен бұрын қар мен суық ауа райына үйрену қиын болды. Мектепке жұмысқа орналасып, дене шынықтыру ұстазы болдым. Алайда, ол уақытта тұрақты жалақы болмаған соң, кәсіпкерлікке бет бұрдым», - дейді кубалық.

Луис Орландоның айтуынша, оған әлемнің екінші шетіндегі мемлекетке үйренісу қиындық тудырмаған. Себебі, мұндағы халық бір-біріне түсіністікпен қарайды.

«Қазақ халқынан мейірімді, шыдамды және қонақжай халықты табу қиын», - дейді ол.

2018 жылы «Мерейлі отбасы» байқауында жеңіске жеткен Луис Орландо қоғам жұмыстарына етене араласады. Ал әйелі Халида – аудандық маслихаттың депутаты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары