$ 448.56  478.03  4.79

«Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме?» - маман жауабы

Комаровский Instagram парақшасында атаулы сұраққа жауап беріп, сәлемдеме алушылардың уайымына су септі.

Белгілі педиатр Евгений Комаровский қауіпті коронавирустың таралуына байланысты «Қытайдан сәлемдеме алу қауіпті ме?» деген сұраққа жауап берді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Комаровский Instagram парақшасында атаулы сұраққа жауап беріп, сәлемдеме алушылардың уайымына су септі.

"Біріншіден, вирустың сүтқоректілер денесінен тыс екі тәуліктен артық өмір сүру ықтималдығы аз. Екіншіден, вирустың жұқтырғыш дозасын заттар арқылы алу мүмкіндігі де өте аз, тіпті теориялық тұрғыдан да (жұқтырғыш доза - ауру тудыруы мүмкін микроорганизмдердің саны) солай", - деп жазған Комаровский. 

Дәрігердің айтуынша, сәлемдемелер алуыдң бізге төнер қаупі жоқ екен. 

Еске салсақ, Қытайда коронавирустың жаңа түріне шалдыққандар саны 1287 адамға дейін өсті, оның 41-і қаза тапты. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары