$ 514.65  544.6  5.17

Алматы жатақханаларының бірінде студенттер егеуқұйрық, тышқандармен «бірге тұрып» жатыр

Жатахқана басшысы қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз деп құтылатын көрінеді.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Алматыда студенттердің кеміргіштерге толы жатақханада тұрып жатқаны Тышқан жылында бір-ақ анықталды. Адам шошырлықтай жағдайдағы студенттер үйін «Jas Otan» жастар қанаты анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Олар мұндағы тұрғындардың талай рет егеуқұйрықтардың қаптағаны туралы ескертіп, арыз жазғандарын айтады. Алайда, естір құлақ болмапты. Жатахқана басшысы қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз деп құтылатын көрінеді. Жасотандықтар мұндай көрініске қазір студенттердің өзінің көзі үйреніп кеткен деп отыр.

«Мынаны мен шығарып тастайын деп жатқанмын. Ешкім қолданбайды. Мен ойламаппын, мынаның ішіне тышқан кіріп кетеді деп. Тышқан бар екенін менде жасырмаймын. Оның барлығын улап жатырмыз, кетіріп жатырмыз. 1958 жылғы нысан болған соң шығып кетіп жатыр ғой», - дейді жатақхана менеджері Жеңіскүл Әбдірасылова.

Ал Алматы қаласы бойынша «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметовтің айтуынша, олар жатақхана әкімшілігінен тазалық сақтаудан басқа ештеңе талап етіп отырған жоқ.

Тағы оқи отырыңыз: «ҚазАТУ жатақханасының жартысын жергілікті полиция 90-жылдардан бері тегін иеленіп отыр» - проректор

«Біз көп нәрсе сұрап жатқан жоқпыз, «жаңа жатақхана салыңдар, бес жұлдызды қонақ үй ретінде жасаңдар» деп. Біздің сұрап жатқанымыз, ең минимальды түрде студенттерге таза, қауіпсіз жатақхана ұсынулары керек. Өздеріңіз көрдіңіздер, есіктердің бірталайының құлпы да жоқ. Екі жаққа түсіп қалған. Сондықтан осы мәселені көтеріп, айту, түсіндіру, жеткізу – міндетіміз», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары