Экс-депутат Светлана Романовская Қазақстанда жосықсыз жарнама жасаған Instagram аккаунтарды бұғаттауды ұсынып отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Экс-депутаттың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жұлдыздар жосықсыз жарнамалармен жиі айналысып кеткен. Ол миллионнан астам жазылушысы бар актерлардың, әншілердің, вайнерлердің не жарнамалап жатқаны тексерілмейтінін алға тартты. «Салдарынан, көбіне синтетикалық есірткілер мен қаржы пирамидалары жарнамада жүреді», - дейді.
Тағы оқи отырыңыз: ІІМ даулы ломбардты жарнамалаған жұлдыздардың жауапқа тартылатынын мәлімдеді
«Гарант 24 ломбардты» жарнамалаған жұлдыздар да жазаға тартылуы тиіс» - журналист
«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-ға сеніп, жарнама жасаған жұлдыздар халық алдында ақталып әлек (ФОТО, ВИДЕО)
«Бұл – өз абыройын төгу деген сөз. Не жариялайтыныңды бастапқыда тексеру керек, адамдарды шатастырмау қажет. Олар өзіне керек ақшаны алды, ал жазылушыларына немқұрайлы қарады. Жұлдыздардың еш қатысы жоқ деуге болмайды. Оларға ақша берді, олар да жарнамасы үшін ақша алды. Жазылушылары көп аккаунтарды бұғаттап тастау керек деп ойлаймын», - деді Светлана Романовская.