$ 449.3  489.69  4.89

Дулат Ағаділдің жерлеу рәсіміне қатысқан 7 белсендіні полиция ұстап әкетті (ВИДЕО)

Ол, сонымен қатар, парақшасына қоштасу сәтінен бірнеше видео жариялап, ұсталған 7 адамның есімін де атап көрсеткен.
Фото: Тамара Вааль
Фото: Тамара Вааль

Нұр-Сұлтан қаласында Дулат Ағаділді жерлеп қайтқан қара халықты полициялар ұстап әкетті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция қоғам белсендісімен қоштасуға қатысқан 7 адамды ұстап әкеткенін Бибігүл Тұяқова есімді азамат өзінің Facebook-парақшасында жариялады

«Біз автозактамыз. Жеті адамбыз. Бәрімізді полицияға апара жатыр. Кейбір адамдардың ұялы телефонын алып қойды. Біз жерлеуден соң Талапкер ауылынан қалаға келгенбіз”,- дейді Тұяқова видеода.

Ол, сонымен қатар, парақшасына қоштасу сәтінен бірнеше видео жариялап, ұсталған 7 адамның есімін де атап көрсеткен.

Тағы оқи отырыңыз:

Тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділдің қаза болуына байланысты бір топ адам ІІМ-нің алдына жиналды

«Депутаттардан онсыз да қайыр жоқ»: Қайрат Жолдыбайұлы қоғам белсендісінің өліміне жүйені кінәлады

"Бейсембаев Ғабдулла, Бейсембаев Ғабидолла, Кенжахметов Бос, Арғымбеков Мұратбек-Төлеген, Қабдулла Бисембаев, Әсел Онланбек, Мүбарак Динара, Тұяқова Бибігүл. Барлығы 7 адам", - делінген жазбада.

Дулат Ағаділді жерлеу рәсімі бүгін 27 ақпанда болды. Оған мыңға жуық адам қатысқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары