$ 514.65  544.6  5.17

«Дулат Ағаділдің өліміне Мұхаммед Тазабек «кінәлі» - қоғам белсендісі

Билік алдында өзінің бақай есебін түгендеп алу үшін, Мұхамеджан ештеңеден аянбады. Нәтижесі міне!
Фото: Youtube.com, Stan.kz
Фото: Youtube.com, Stan.kz

"Қара халықты полицияға, полицияны халыққа айдап салды!" деп Мұхамеджан Тазабекке қара күйе жаққан қоғам белсендісі Тоқтар Жақаш дүйім жұрттың назарын аудартқан Дулат Ағаділдің өліміне Мұхамеджанды кінәлап отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Автордың сөзінше, "адам айтса нанғысыз масқараға" тікелей болмаса да, жанама түрде М.Тазабек кінәлі көрінеді. Ол бұл пікірін Facebook парақшасында жазды. 


  
"Кімнің қалай ойлайтынын білмеймін, менің ойымша соңғы күндердегі адам айтса сенгісіз масқараға, Дулат Ағәділдің өліміне Мұхаммед Тазабек тікелей болмаса, жанама түрде кінәлі! Полицияға "митингке шыққандарды аямаңдар! Арабтар сияқты жамбасынан тебіңдер!" дегендей ортағасырлық жабайы лекциясының оқуы өтіп кеткен. 

Қағанағы қарқ, сағанағы сарқ, Мұхамеджан сияқты жылына миллион доллар шашып жүрсе, бұл ел митингке шығып қайтсін?! Бұларға ел мен биліктің арасының алшақтай түскені тиімді. Екі жақ неғұрлым алшақ болса, табатын "дармавой" табысы да еселене түседі!", - деп  билік пен халықтың арасының алшақтап кетуіне оның ел арасында айтқан "рухани лекциясының нәтижесі" екендігін алға тартты.

 Мұнымен қоймай, Тоқтар Жақаш Мұхамеджанды "билік алдында есебін түгендеу үшін" барын салып, "Өзім дегенде өгіздей қара күшім бар" деген тәмсілге келтірді.

"Билік алдында өзінің бақай есебін түгендеп алу үшін, Мұхамеджан ештеңеден аянбады. Нәтижесі міне! Қара халықты полицияға, полицияны халыққа айдап салды! Екі жақ та бір-біріне сенуден қалды! "Мемлекетшілдікті" насихаттамақ болып, бүкіл елді алатайдай бүлдіріп тынды! Дулат Ағәділдің жұмбақ өліміне байланысты Мұхамеджан әлі ешқандай мәлімдеме де жасамады. Іштей қандай күйде екенін бір Алла білсін. Бірақ мемлекеттік мекемелер қабырғасында жастардың басын қатыруды әлі тоқтатқан жоқ!

Тағы оқи отырыңыз: Тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділдің қаза болуына байланысты бір топ адам ІІМ-нің алдына жиналды

«Депутаттардан онсыз да қайыр жоқ»: Қайрат Жолдыбайұлы қоғам белсендісінің өліміне жүйені кінәлады

Дулат Ағаділдің жерлеу рәсіміне қатысқан 7 белсендіні полиция ұстап әкетті (ВИДЕО)

Дулат Ағаділдің анасы отбасы рұқсатынсыз бейнежазба таратқандардың үстінен прокуратураға арыз түсірді

«Қылмысты жасырғандары үшін жазалаңыз»: Прокуратура Дулат Ағаділдің үстіндегі даққа түсініктеме берді (ФОТО)

Жақында ғана Ақтөбе мен Алматы, Өскемен мен Семейдің жоғары және орта кәсіптік оқу орындарындағы студенттермен кездесіп қайтыпты. Әлеуметтік желідегі жұрт қарсылық білдірген сайын ерегісіп, агрессиялы түрде шеп бұзуға кірісті. Нақ бір христиан миссионері секілді! Бұған осыншама карт-бланшты кімнің беріп қойғаны да жұмбақ. Қазақ қоғамы ең алдымен дінді сылтауратып елді бүлдіріп жүрген осындай "құлақсыздарға" тоқтау салуы керек! Мұха, шаршаған шығарсың, тоқтасайшы!", - деп әлі де Мұхамеджанның "рухани уағыз" айтып жүргенін бір сынап қойды.

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары