$ 494.87  520.65  4.91

«Электрондық үкімет порталына бір күнде 100 миллионнан астам өтініш түсті» - Әсет Тұрысов

Елімізде өзі шен-шекпенділерін, нәресте, сәбилерін, «төрінен көрі жақын» қарттарын қоса алғанда, 18 миллиондай ғана халық бар. Еңбекке жарамды қарапайым бұқараны шамамен 10 миллиондай деп алайық. Ал солардан қалайша бір күн ішінде 100 миллионнан астам өтініш түседі?
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Электрондық үкімет порталына бір күнде 100 миллионнан астам өтініш түскен. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов бұл рекордтық көрсеткіш деп отыр. Карантинге дейін сағатына 600 мың адам пайдаланып жүрген болса, қазір бұл сан 15 миллионға дейін жетіпті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Әсет Тұрысов электрондық үкіметке сұраныс 20 есеге артқанын айтты. Осының салдарынан порталда ақаулық орнаған көрінеді. Алайда, ол қазір келеңсіздіктер реттелді деп отыр.

«Төтенше жағдай режимінде электрондық үкіметтің барлық архитектурасын, жүйенің жұмысқа қабілеттілігі бойынша барлық техникалық сауалдарды қарауға тура келді. Қысқа мерзім ішінде ол қайта жасалды. Штаттық режимде жұмыс жүріп жатыр. Алдағы уақытта мұндай проблемалар болмайды», - дейді Әсет Тұрысов.

Ал 42500 теңге көлеміндегі жәрдемақыға 1 миллионнан астам азамат өтініш беріп үлгерген. Әсет Тұрысов өтініштерді жылдам қабылдау үшін елдің барлық аймағында Telegram-бот іске қосылғанын айтты. Екі күн ішінде бот арқылы жарты миллионға жуық өтініш қабылданған. 600 мыңнан астам адамға SMS арқылы жауап жіберіліпті.

Сонда дейміз-ау, елімізде өзі шен-шекпенділерін, нәресте, сәбилерін, «төрінен көрі жақын» қарттарын қоса алғанда, 18 миллиондай ғана халық бар. Еңбекке жарамды қарапайым бұқараны шамамен 10 миллиондай деп алайық. Ал солардан қалайша бір күн ішінде 100 миллионнан астам өтініш түседі? Ел халқының жалпы санының өзінен өтініштің саны 82 миллионға артық болып тұр ғой...

Болса да ресми мәлімдемені жасаған екен, енді соны жіктеп-жіліктеп түсіндіре салса қайтер екен?

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#халық #өтініш