$ 441.66  475.14  4.86

Алматыда орташа жалақысы 120 мың теңге болатын жұмыс орындары құрылады (ВИДЕО)

Бұдан өзге сумен жабдықтау желілерін жүргізіп, жолдар мен аулаларды ретке келтіру, скверлер мен саябақтарды абаттандыруға қосымша күш қажет.
фото: atpress.kz
фото: atpress.kz

Алматыда орташа айлық көлемі 120 мың теңге болатын жұмыс орындары құрылмақ. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аймақ басшысының айтуынша, бұл іс «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске аспақ.

"Коронавируске байланысты карантин кезінде қала тұрғындарының арасында жұмыспен қамту мәселесі шиеленісе түсті. Көптеген адамдар ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болса, енді біреулер жұмысынан айырылды. Демек, өмір сүретін қаражатынсыз қалды. Мемлекет тарапынан оларға көмек ретінде жәрдемақы төленеді. Бұған қоса біз «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске қоспақпыз.

Қала тұрғындары жұмыспен қамтылады. Олар мектеп пен балабақшалардың құрылысына, аурухананы кеңейту жұмыстарына тартылады. Бұдан өзге сумен жабдықтау желілерін жүргізіп, жолдар мен аулаларды ретке келтіру, скверлер мен саябақтарды абаттандыруға қосымша күш қажет.

Осылайша 214 инфрақұрылымдық жобалардағы жұмысқа шамамен 26 мың қала тұрғынын орналастыруды жоспарлап отырмыз. Жалақының орташа мөлшері 120 мың тг құрайды", - деді Сағынтаев Instagram парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары