$ 447.4  477.55  4.76

«Ешкімнің ештеңесін алған жоқпын»: Болат Назарбаев жасаған жақсылықтарын жіпке тізді

Бірінші сыныптан оныншы сыныпқа дейін кейіндіріп, оқуға түсіріп, бәрін істедім.
фото: aferist.org
фото: aferist.org

Болат Назарбаев "Айна" Youtube каналына берген сұқбатында осы уақытқа дейін жасаған жақсылығы туралы айтты. "Халыққа, достарына, өнер адамдарына көмектескім келеді" деген меценат кейбір адамдардың сол жақсылықты басқаша түсінетінін айтып қалды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Болат Назарбаевтың қарапайым халыққа, өзі туып-өскен ауылына жасап жатқан жақсылықтарын естиміз. Бірақ осы жасаған жақсылықтың артынан талай сөз еретіні жасырын емес. Осындай пікірлерге Болат Назарбаев былай жауап берді:

"Істеген жақсылығымды ешқашан айтқан жоқпын. Оның бәрін айта беруге ыңғайсыз. Ел қалай түсінеді, білмеймін. Әркімнің аузына қақпақ бола алмайсың. Бәрі халықтың ақшасын алады деп ойлайды. Мен әлі күнге дейін біреудің алажібін аттап көрген жоқпын. Ешкімнің ештеңесін алған жоқпын. Халыққа, достарыма, өнер адамдарына, бәріне  көмектескім келеді", - дейді меценат. 

Көптеген өнер адамдарына да жақсылық жасап, көмектесіп жүретін Болат Назарбаев "бұл - әртістерге деген ерекше сыйластығымнан" дейді. 

"Өнер адамдарының жанын жақсы түсінемін. Олар ұлтымыздың өнерін өзге елге таныстырады деп ойлап көбірек көмектесемін. Олар біздің елімізді өзгелерге таныстырушы. Өнер адамдары бізді өте жақсы түсінеді, жандары нәзік болады. Сол себептен өнер адамдарын жақсы көрем, сыйлаймын. Қолымнан келгенше көмектесемін. Көбіне көмектескенім де шын", - дейді Болат Назарбаев. 

Сондай-ақ, зейнетақысын жетімдер үйіне қайырымдылыққа аударып отыратын Болат Назарбаев 18 жыл бойы 380 балаға қамқорлық жасағанын айтады.

"Өздері "болды, рақмет" деген соң кәмілет жасқа толғанда қойдық. Бірінші сыныптан оныншы сыныпқа дейін кейіндіріп, оқуға түсіріп, бәрін істедім. Шынымды айтсам, біреуге жақсылық жасасаң қуанады ғой, мен одан екі есе қуанамын", - деді Болат Назарбаев. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары