$ 498.34  519.72  4.85

Енді 42500 теңгенің банкке жіберілген-жіберілмегенін тексеруге болады

Егер өтінім мақұлданған болса, бірақ шот нөмірінде қате болса, мәртебеде 5 қадамды сары түспен көрсетеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Енді egov.kz және 42500.enbek.kz-тегі статус арқылы ақшаның банк картасына жіберілген-жіберілмегенін көруге болады, деп хабарлады Skifnews.kz ақпарат порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

"Мақұлдағаннан кейін шоттарға ақша жіберілгендігі туралы сұрақтар көптеп келіп түсуде. Нақты ЖСН-і бойынша тексеруді жиі сұрауда. Сондықтан әрбір адам өзіне ақша жіберілгенін және қайда жібергенін білу үшін, біз цифрлық командамызбен соңғы күндер ішінде бірқатар интеграция мен техникалық жұмыстарды жүргіздік.

Егер өтінім мақұлданса және ақша жіберілсе, мәртебесі 5 қадамды жасыл түспен көрсетеді, ал төменгі жағында 42500 теңге қандай банкке жіберілгені жазылады. Бұл жағдайда, егер картада түсімдер жоқ болса, банкке хабарласуыңызға болады. Егер өтінім мақұлданған болса, бірақ шот нөмірінде қате болса, мәртебеде 5 қадамды сары түспен көрсетеді. Төменде дұрыс шот нөмірін алу үшін не істеу керек туралы ақпарат көрсетіледі. Мұндай қателіктердің бір бөлігін біз өзіміз анықтаймыз, бірақ бір бөлігін көре алмаймыз және банктер ақшаны қайтарады. Сонда біздің базамыз арқылы немесе СМС арқылы басқа шоттарды іздеуге тура келеді", - деп жазды Мұқышев.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары