$ 498.34  519.72  4.85

«Ерлікке тағзым!»: Гүлшара Әбдіқалықова Жеңістің 75 жылдығына арналған челленджді өзі бастап берді (ВИДЕО)

Отбасылық фото-суреттерді көрсетсеңіз де болады.
Фото: malim.kz
Фото: malim.kz

Қызылорда облысы Жеңіс күнін онлайн атап өтетін бастаманы қолға алды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Соның ішінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА виртуалды түрде өтетін «Жасампаз жасақ» шарасын өзі бастап берді. Сонымен қатар ол сыр елін интерактивті акцияға қатысуға шақырды. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасы мәлімдеді. Шараға қатысу шарттары төмендегі мәтінде толық айтылған.

"Биыл біз Жеңістің 75 жылдығын карантин жағдайында қарсы аламыз. Бірақ, бұл ең сұрапыл соғысты жеңіспен аяқтаған жауынгерлерге құрмет көрсетпеу деген мағынаны білдірмейді.

​Биыл "Жасампаз жасақ" шарасы виртуалды режимде өтеді. Яғни, Сыр бойынан шыққан батырлардың ерлігі кең көлемде насихатталады. Біз олардың есімін жадымызда тағы бір мәрте жаңғыртатын боламыз. 

​Ол үшін әке-аталарыңыздың, жақындарыңыздың фашизмді жоюға қосқан үлесін әңгімелеп немесе майданнан жіберген хаттарын оқып, бейнеролик түсіресіз. Отбасылық фото-суреттерді көрсетсеңіз де болады. Қорытынды бейнежазбаны әлеуметтік желіде төмендегі хэштегтермен жариялайсыз. (Instagram. Facebook, ВКонтакте).

#SyrBatyry
#Jeniske75
#BatyrUrpagy

​Біз сол бейнематериалдарды жинақтап, Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтындағы "Жасампаз жасақ" бөлігіне орналастырамыз. Ұнаған роликке дауыс беруге болады. Үздік 10 туынды 9 мамыр күні "Qyzylorda" телеарнасында көрсетілетін бейнесюжетке енгізіледі", - делінген хабарламада.

Қызылорда облысының әкімдігі жазба соңында халықты аталарының ерлігін осындай форматта насихаттауға шақырды. "Жасампаз жасақ - ерлікке тағзым! Біз біргеміз!" деген жолдармен бірліктің туын ұстанған қазақ елінің ұрпағы екенімізді, жеңіс сыйлаған буынды құрметтеуіміз керек екендігін айқындап берді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары