$ 446.49  475.38  4.79

«Хиджаб ки деп тұрған жоқпыз»: жезөкше ролигінің авторы ақталып әлек

Тапсырысты тендер ойнатып, әкімдіктің бергені рас па? Өңір басшысының орынбасары орындаушыға ақша аударылғанын растады. Алайда жауапты басқарма басшысы бұл түсірілімге бір тиын да берілмеді дейді.

Жезөкшелік туралы таласқа толы роликтің режиссеры Серік Таласов түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қоғамдағы кез-келген келеңсіздікті ашық айтып, қаз-қалпында жеткізбейінше онымен күресу қиын дейді. Бюджеттен алты миллион алып, қыздардың арына тиетін дүниені кім түсірді? Тапсырысты тендер ойнатып, әкімдіктің бергені рас па? Өңір басшысының орынбасары орындаушыға ақша аударылғанын растады. Алайда жауапты басқарма басшысы бұл түсірілімге бір тиын да берілмеді дейді. Кімге сенеміз?

Қоғамның ойын қақ жарған бейнеролик осы. Бас аяғы 5 минут. Оқиға желісі бойынша, көшеде қысқа киінген қыз такси ұстап тұрады. Қасына қымбат көлік кеп тоқтап, бұрымды отыра кетеді. Төсек десе өсек көп. Ғаламтор беттері у-шу. Пікірлер қыздар мен жігіттер боп екіге бөлінді. Даттағандар да, жақтағандар да жетеді. Роликтегі ер адам рөліндегі актер тәрбие беремін деп отырып, өзінің де етекке көзі түскенін байқамай қалды, ол да күнә, өз нәпсінін тыя алмаған адам өзгеге ақыл айтып, өзгені жөндемекші болады.

Көз сүрінген пікір иелерімен атышулы роликтің авторы Серік Талас сөз таласпаймын дейді. Өйткені әркімнің өзі пікірі бар.

Тағы оқи отырыңыз: «Кешірім сұраймыз»: Шымкенттің жастар орталығы «жезөкше» ролигінің мән-жайын түсіндірді (ВИДЕО)

«Шымкент Жастар орталығы сәләфиттер ордасына айналған ба?» - Айгүл Орынбек

Қысқа белдемшелі қыз түскен ролик министр Балаеваны да бей-жай қалдырмады

«Егер бір адам тәнін сататын болса, оған да жауапты – әкімдік» - әйелдер құқығын қорғаушы

"Бұл роликті түсірген себебіміз, қоғамда қазір көп жерге барсаң да, ашық-шашық киінеді қыздар. Оны көріп, атап өтсем, менің үш қызым бар. Солардың болашағынан қорқамын. Әркімде де қыз бала бар. Бірақ, "тәрбие - тал бесіктен" деп бекер айтылмаған. Біздің мақсатымыз бұл жерде ешкімді жезөкше емес, қазақтың қызы болса, хиджаб ки деп тұрған жоқпыз, қазақтың қызына сай киін деп астарлы сөзбен біраз мағына бар, әркімнің түсінігіне қарай. Сондықтан ешкімді жаман қылып көрсеткіміз келген жоқ", - деді режиссер Серік Таласов.

Иә, бәлкім, автор ескінің әдебіне салып естінің құлағына жеткізе алмаған болар.

"Қыз бұзылса, ұлт бұзылады дейді. Қыздың тәрбиесіне біздің халқымыз қашан да ерекше көңіл бөлген. Бірақ бұндай әлеуеттік идеологиялық роликтерді кішкене заманға сай етіп басқа сипатта беру керек пе еді", - дейді ҰСК-нің мүшесі, журналист Асхат Садырбай.

Көпшіліктің қытығына тиген роликтің идеясы ғана емес, шығыны да. 6 млн 200 мың теңге жұмсалыпты деген сыбыс тарады.

"Роликке мемлекет тарапынан ақша бөлінген жоқ. Бұл тікелей "Талас фильм" компаниясының өзінің қаражатына, өзінің идеясымен, өзінің сценарийімен жасалынған", - деді Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Жандос Қалтаев.

Ал 6 млн алды деген ақпарат, басқа 5 роликтің ақшасы екен. Тендер арқылы "Талас фильм" компаниясы жеңіп алған. Оны жергілікті әкімдік бөлген. Бірақ бұл қаржының резонансты роликке қатысы жоқ. Сонда тапсырыс берілмесе видео неліктен әкімдікке қарайтын ұйымның атынан жарияланып отыр? Себебін жастар ресурстық орталығына қарайтын ұйымдардың әріптестігі негізінде логотипті рұқсатсыз қолдана беруге болады деп түсіндірді. Қоғам дұрыс қабылдамаған соң, ролик сайттан алынып тасталды.

Әйтсе де, ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева болашақта әр видеоны жіті тексеріп барып, жариялауды тапсырды!

Министр ескерту жасады, видео өшірілді, бірақ кей қыздар ашуға булығып, намысымды таптады деп ренішін өзінше білдіріп жатыр.

"Кейбір қыздарымыз флешмоб ұйымдастырып жатыр. Осы роликке ерегісіп, енді олар азір әлеуметтік желіге өздерінің қысқа киген суреттерін салып жатыр", - Асхат садырбай.

Жігіттер жағы да үнсіз қалмады. Иә, көп айтты ма, дөп айтты ма автор, кім білсін! Қоғамда қысқа киген қарындастарға қатысты екіұдай пікір бұрыннан бар. Мәселе бұл видеода емес, мәселенің төркіні түсінгенге тереңде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары