$ 494.87  520.65  4.91

«Қабығымен қосып же, шешеңнің...»: бағбан қарбыз ұрлаған екі баланы өзінше «жазалады» (ВИДЕО)

«Өгіздей өкіртіп, кешірім сұрағанын көрейік ертең. Көк қабықты жегізгені, боқтағаны, жас балаға айтылмайтын сөз айтқаны, қорқытқаны, иттігі, нақұрыстығы үшін», - деп кіжінді Әшірәлі Кенжеғара.
фото: видеодан скриншот
фото: видеодан скриншот

Шопи Шопи деген лақап атты желі қолданушы facebook парақшасына әлдебір бағбанның бақшасынан қарбыз ұрлаған екі ер баланы ұстап алып, оларға қарбыздың қабығын жегізіп жатқан видеосын жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Мына мал табылса, құр кешірім болмайды. Жүрегім ауырып кетті. Тек мал деймін, даже малдар адамға қарағанда мейірімді болып бара жатыр. Алла кешірсін сені, соғұрлым шіріп кетеді ғой, не болды саған?! Қолдарына екі дарбыздан беріп, ақылыңды айтып, жібермейсің бе?!» - дейді ашуға ерік берген жазба авторы.

Жүктелген екі видеода «қаһарына мінген» ер адам екі сөзінің бірінде балалардың шешесінен дым қоймай боқтап-балағаттап, аузына келгенін айтып тұр.

«Бол, тез-тез же! Қабығымен қосып же, еу, сен қабығымен қосып же! Кигізем қазір басыңа, шешеңнің... Көрсетейін мен сендерге дарбыз ұрлағанды!.. Аппақ дарбызды неменеге әкетіп бара жатсың сен, ей?! Піскен болса мақұл екен, шешеңнің...» - деп кіжінеді «ұрыларды» видеоға түсіріп тұрған сабаз.

Содан кейін олардың бірінен «Кім баласысың сен?» деп сұрайды. «Ғалымжанның», - десе, «Өй, шешеңнің... сенің Ғалымжанның баласы болғаныңның!.. Бол-ей, бір-біріңе қарамай, бері қарап тұрып жеңдер! Бол, тез-тез же сен, өтірік шайнаңдамай! Жұтсай, болсай!» - деп үсті-үстіне екіленеді, жергілікті акцентімен.

Оның бұл әрекетінен жазба авторымен қоса, өзге желі қолданушылар да тіксініп қалды.

Дінмұхамед Қылышбаев деген азамат: «Бұны қылмыстық жауапқа тарту керек. Орысша мұндай әрекеттің атауы – «пытка», ал ол жазаланады. Оған қосымша, бұның жерін тартып алып қою керек», - деп отыр.

Әшірәлі Кенжеғара атты кісі де: «Жазаланады, езуін, тағы бір жерлерін айырып! Өгіздей өкіртіп, кешірім сұрағанын көрейік ертең. Көк қабықты жегізгені, боқтағаны, жас балаға айтылмайтын сөз айтқаны, қорқытқаны, иттігі, нақұрыстығы үшін», - деп кіжінді.

Ал Бақберген Әбумүтәліпұлы: «Біреудің анасынан балағаттаған адамға өз анасын балағаттағандай күнә жазылады» деген пайғамбарымыздың насихатын бұл сорлы білмеген болып тұр ғой. Бір қарбызды екі баланың денсаулығынан артық көрген диханшының ісіне береке қайдан келсін?! Өз болашақ ұрпағымыздың жүрегін құртумен айналысатын осындай сорлы адамдардың мемлекетімізге шын берер пайдасы қанша?» деп жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қарбыз #бала