$ 494.87  520.65  4.91

«Сараңдығымыз, кереңдігіміз үшін кешіріңдер!» - Ләйлә Сұлтанқызы

Әлия Назарбаева әкесінен көргенін істеп, «Бүгін сіздермен бірге аза тұтамын!» деп көпшілікті бекем болуға шақырды.
фото: stan.kz
фото: stan.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардан  кешірім сұрады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тележурналист індет салдарынан көз жұмғандардың жақындары көңіл айтып, әлеуметтік желіге жазба жариялады. 

"Қараңдығымыз үшін, сараңдығымыз үшін, кереңдігіміз үшін, көр болғанымыз үшін, үнсіз қалғанымыз үшін кешіріңдер! Жаратқан панасына алсын!" , - деп жазды ол іnstagram парақшасында

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев коронавирустан қаза болғандардың туыстарына көңіл айтқанын хабарлағанбыз.

Оның артынша, экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева әкесінен көргенін істеп, «Бүгін сіздермен бірге аза тұтамын!» деп көпшілікті бекем болуға шақырды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары