Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 45200 теңгені алу үшін өтініштерді қай кезге дейін беруге болатынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оған қоса, кімдерге және қандайда жәрдемақы тағайындалмайтынын түсіндірді.
«Біржолғы төлем қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табыстан толық айырылу фактісі жоқ адамдарға, оның ішінде:
1) жұмыс берушінің, жеке кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғаның қызметі қатаң карантиндік шектеу шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда;
2) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;
3) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлем төлеу фактісі анықталмаған БЖТ төлеушілерге;
4) АҚС шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) табыс алатын, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары түспеген жеке тұлғаларға;
5) зейнетақы жарналарын, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылмаған адамдарға және Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, Қазақстан Республикасы бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес карантиндік шектеу шаралары енгізілген кезеңде БЖТ төлеген адамдарға;
6) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға;
7) біржолғы төлем алушының жоғалтылған табысы қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайды.
«Өтініштерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады», – деді Біржан Нұрымбетов.