$ 494.87  520.65  4.91

Қарағандыдағы су тасқыны кезінде хабар-ошарсыз жоғалған адамның көлігі табылды

Қарағанды облысы Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының тұрғыны 8 сәуірге қараған түні көрші ауылға кетті, бірақ межелі жерге жетпеген.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Қарағанды облысында жоғалған ер адамды іздеу жұмыстары жалғасуда. Қарағанды облысы Нұра ауданы Кәрім Мыңбаев ауылының тұрғыны 8 сәуірге қараған түні көрші ауылға кетті, бірақ межелі жерге жетпеген. Бүгін полицейлер оның көлігін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған дейін хабарланғандай, 10 сәуір күні сағат 03:00-де Нұра ауданында ер адам жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Арыз берушінің айтуынша, 8 сәуірге қараған түні 1958 жылы туған ер адам Кәрім Мыңбаев ауылынан Тассуат ауылына автокөлікпен шығып, межелеген орынға жетпеген.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнында ТЖД, полиция және жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Іздестіру жұмыстарына тікұшақ тартылды. Қарағанды облысының полиция департаменті жоғалған шаруа қожалығының басшысын іздестіру бойынша құтқару іс-шараларының нәтижелері жайлы мәлімдеме берді.

Нұра ауданының 62 жастағы тұрғыны автокөлігімен аудан орталығына қарай бет алған, содан кейін ер адамды ешкім көрмеген. «Аталған факт бойынша іздеу-іздестіру шаралары бірден басталды. Оған полицейлерден басқа Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер де қатысуда. Қазіргі уақытта хабар-ошарсыз кеткен ер адамның көлігі табылды. Іздестіру шаралары жалғасуда», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары